Атырау, 3 мамыр 00:38
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Жасөспірімнің көбіне күндізгі уақыт жетпейді

1 241 просмотра

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлері түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау үшін кезекті рейд өткізді.

Тәртіп сақшылары аула, саябақ және жастар көп жиналатын орындарды тексеріп, нәтижесінде бір түннің ішінде 30-ға жуық жасөспірімді қалалық басқармаға жеткізді. Полицияға ата-анасы шақыртылып, олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен ("Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейін тұрғынжайдан тыс жерде болуы") әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Біздің міндетіміз - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдермен жасалатын әрі оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, - дейді Атырау ҚПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Азамат ҚАРАМҰРАТОВ. Осы орайда, ата-аналардан жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауды сұраймыз.

Полиция қызметкерлері қала аумағында 14-24 сәуір күндері аралығында өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы басталғалы түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген 100-ге жуық жасөспірімді анықтады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2022, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.