Атырау, 3 мамыр 04:49
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қой қоздап, қорада шу

1 228 просмотра

Бүгінде Атырау өңірінде қой төлдеп, сақманның нағыз қызған шағы. Шаруагерлер мігірсіз шақтың әр күнін қалт жібермей, төлдерді аман сақтауға күш салуда.

- Биыл қыс ұзаңқырап, көктемеге шыққанша мал баққан шаруагерлер үшін оңай болған жоқ. Көкке аузы тиген малдың қоңдануы үшін де уақыт керек, сондықтан саулықтарға қошқарды жай қосатын болды. Даладан туып аяқтанады деген есеппен сәуірде басталған қой төлдету науқаны мамырдың аяғына дейін жалғасады, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Аманжол ҚАБДЕШЕВ.

Облыс бойынша 289 243 саулық болса, оның 198 762-ы төлдеді. Атап айтқанда, Құрманғазы ауданында 65 203, Қызылқоғада - 53 686, Индер ауданында - 38 950 саулық төлдеген. 

«Өрісте туып қалған қозыларды көлікпен, болмаса ат-арбамен жеткіземіз. Кейде қошақандардың ауыздықтанбай әлсіз болғандарын анасына телуге, емізекпен сүт беріп аман сақтауға күш саламыз. Ал түнімен қора жаққа кезекшілік ұйымдастырамыз, қазір аз ұйықтап, көп еңбектенетін мезгіл», - дейді шаруагерлер.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2022, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.