Qnet халықаралық компаниясын Қазақстанда тағы да қаржы пирамидасы деп атады. Құрылымдық бөлімшенің басшылығы тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik республиканың Қаржы мониторингі агенттігі.
"Агенттіктің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті "Qnet"компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады", - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.
Оның айтуынша, компания Қазақстан аумағында тіркелмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банк қызметі мен банк операцияларын жүргізуге лицензиясы, рұқсаты жоқ.
Бұған қоса, іс фигуранттарының біріне қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Qnet – QI тобының негізгі еншілес кәсіпорны. 1998 жылы негізі қаланған. Гонконгте орналасқан, тікелей сатылым мен көп деңгейлі маркетингті пайдаланады. Компания қаржы пирамидасын құрды деп бірнеше рет айыпталды.