Атырау, 6 қазан 23:18
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жеңіс күні қарсаңында: шерулер мен төлемдер туралы

2 426 просмотра

9 мамырда Атырауда Жеңіс саябағында «Мәңгілік алау» мемориалына дәстүрлі гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Ал «Өлмейтін полк» акциясы онлайн режимде өтеді.

Елімізде 7 және 9 мамырда әскери шеру өтпегеніне үшінші жыл болмақ. 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты шерулер тоқтатылды, бұл бюджет қаражатын үнемдеу үшін жасалды. Еске салсақ, ҚР Қорғаныс министрлігі шеру өткізуге 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалатынын, сондықтан жауынгерлік дайындықпен айналысу барынша орынды болатынын мәлімдеген болатын.

Өкінішке орай, қазір Атырау облысында Ұлы Отан соғысының бірде-бір ардагері қалмады. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, қазір облыста 1 концлагерь тұтқыны, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған 33 адам (олар соғысқа қатысушылармен теңестірілген), медалі жоқ, бірақ соғыс жылдарында еңбек еткен 1423 адам тұрады. 9 мамырға орай концлагерь тұтқыны 1 000 000 теңге алады, «Қажырлы еңбегі үшін...» медалімен марапатталған 33 адам – 100 мыңнан, қалған 1423 тыл еңбеккерлері – 30 мың теңгеден алады.

Бұдан басқа, 9 мамырға орай Ауғанстандағы соғыс қимылдарына, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияларына, Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысушы 1073 адам төлемдер алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 сәуір 2022, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.