Атырау, 6 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қайрат Құдайберген Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге шақырған - прокуратура

1 598 просмотра

Қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қандай күдікке ілінгенін Алматы прокуратурасы хабарлады.

"21 сәуірде Қайрат Құдайбергенді арнайы прокурорлар бастаған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұстаған. Ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу мәліметінше, Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман") бірге "Қазақстан" қонақүйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевпен бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.

Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

Құдайберген - Жұмагелдиев ұйымдастырған акция заңғы қарсы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласқан.

Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруы мен қатысуы "Қазақстан" қонақүйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбамен, куәгерлердің айғағымен расталады", - делінген хабарламада. 

22 сәуір 2022, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.