Атырау, 6 қазан 23:30
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Генерал-майор Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

1 767 просмотра

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, - деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

"Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен соталды тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).
Осы факт бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Мәсімовке іздеу жарияланған.

"Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

22 сәуір 2022, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.