Атырау, 24 қараша 18:55
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 58-күн

1 539 просмотра

Украинадағы соғыс туралы бүкіл ақпарат Азаттық радиосынан алынды.

19:46 

Британия премьері соғыс 2023 жылдың соңына дейін созылуы мүмкін дейді.

Британия премьері Борис Джонсон Украинадағы соғыс келесі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы ол Делидегі брифингте айтты.

«Путиннің әскері көп, бірақ Ресей президенті қиын саяси тығырыққа тірелді, себебі ол үлкен қателік жіберді» деді ол.

Бұған дейін батыс барлаушылары да Украинадағы әскери қақтығыстар 2023 жылдың соңына дейін созылуы мүмкін деген еді.


17:34

Киев облысында 1084 бейбіт тұрғынның мәйіті табылды

Бұл туралы Киев облысы полициясының басшысы Андрей Небытов украиналық басылымдарға айтты. Оның сөзінше, қаза болғандардың 75 пайызына оқ тиген. 300 марқұмның кім кені әлі анықталмаған.


16:19

Ресейде саясаткер Владимир Кара-Мурзаға «ресейлік әскерилерге қарсы фейк ақпарат таратты» деп қылмыстық іс қозғады. Бүгін ол Мәскеудегі тергеу комитетінге шақырылған. Ресей «әскер туралы фейк таратқандарды» 15 жылға дейін түрме жазасына кеседі.


15:16

«Медиазона» сайты Росгвардия Украинадағы соғысқа барғысы келмеген әскерилерге қатты қысым жасап жатыр деп жазды.

Сайттың дерегінше, жүздеген я мыңдаған әскери соғысқа барудан бас тартқан.

«Әскери жағдай енгізілмегендіктен әскерилерге бұйрық орындамаған үшін қылмыстық іс қозғау қиын, сондықтан командирлер қол астындағыларға сөгіс жариялап, жұмыстан шығарамын деп қорқытып жатыр» деп жазды «Медиазона».

Сайт редакциясына түскен аудиолардың бірінде командир қол астындағы әскерилерге «сатқын», «қорқақ», «ақымақ», «малғұн» деп атайды. Командирлердің бұл сөзі өтпесе қылмыстық іспен қорқытады: «Егер бармасаңдар, 15 жылға түрмеде отырасыңдар».


14:45

Ресей: «Екінші фазаның мақсаты – Донбасс пен Оңтүстік Украинаға бақылау орнату»

Ресейдің орталық әскери округының басшысы міндетін атқарушы Рустам Миннекаев «арнайы операцияның* екінші фазасы екі күн бұрын басталғанын», «екінші фазаның мақсаты Донбасс пен Оңтүстік Украинаға толығымен бақылау орнату екенін» айтты. Оның сөзін Ресейдің кремльшіл РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

*Ресей Украинаға басқыншылығын «арнайы операция» деп атап, «соғыс» сөзін қолданғандарды қудалайды.

14:31

Йель менеджмент университетінің есебінше, Кремль Украинаға соғыс ашқалы шетелдік 750-ден аса компания Ресейден кеткен.


11:18

Зеленский Украинаға ай сайын $7 млрд қаржылай көмек қажет болатынын айтты.

Ресей басқыншылығының салдарынан туындаған шығынды өтеп, экономиканы ұстап тұру үшін Украинаға ай сайын 7 млрд доллар қаражат қажет. 21 сәуірде Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк жетекшілерімен онлайн кездесу кезінде Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей күштері темір жол вокзалдары, азық-түлік, мұнай қоймалары тәрізді "өмір сүруге қажет негізгі нысандардың барлығын" жоюға тырысып жатыр.

Дүниежүзілік банк жетекшісі Дэвид Малпасс банк дерегіне сүйеніп, инфрақұрылым нысандары қираған Украина соғыстың экономикаға зардабын есепке алмағанда 60 млрд доллар шығынға батты деп мәлімдеді. "Соғыс әлі жүріп жатыр, шығын көлемі өсіп жатыр" деді Малпасс.

Осыған дейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездескен АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен кездесу кезінде Киевке жалақылар мен зейнетақы, қызмет төлемдерін өтеуіне мүмкіндік беру үшін АҚШ Украинаға 500 млн доллар көлемінде қаржылай көмек бөлетінін айтты. "Бұл Ресей басқыншылығы тұсында Украина үкіметіне жұмыс істеуіне көмектеседі" деді. Ол Украинаның қаржылай көмекке зәру екенін алға тартып, Вашингтон Украинаға бұдан да көп қаражат қажет екенін жақсы түсініп отыр деді.


21:00 21.4.2022

АҚШ Украинаға тағы да қару-жарақ беретінін жариялады.

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға тағы да құны 800 млн доллар болатын қару-жарақ беретінін мәлімдеді. Бұл жолғы көмектің ішінде 72 гаубица мен 121 тактикалық дрон бар. Бұған қоса, Байден Украина 500 млн доллар экономикалық көмек алатынын да жариялады.

АҚШ Ресей кемелеріне портын жапты. Бұған дейін Еуропа одағы осындай шешім қабылдаған.


19:26 21.4.2022

Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тұрғындарды 9 мамыр мерекесінде Z белгісі бар әскери форма я киім кимеуге шақырды. Комитет Z белгісі бар әскери форма мен киім кию «ұлтаралық араздықты қоздырады» деп ескертті.


19:14 21.4.2022

Ұлыбритания билігі Азатбек Омурбековке санкция салды.

Омурбеков Киев облысындағы Буча қаласына басып кірген отрядты басқарған еді. Кейін бұл отряд Бучадан кеткенде қала көшелерінен жүздеген бейбіт тұрғынның мәйіті табылған.

40 жастағы Азатбек Омурбеков Қарақалпақстанда туған.

22 сәуір 2022, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.