Атырау, 6 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырауда масаларды мамыр айында улай бастайды

1 651 просмотра

Сәуір аяқталып, масалар тұрғындарға шабуыл жасай бастады, ал Атырауда дезинсекциялық жұмыстардың тендері әлі аяқталған жоқ.

– Алғашында тендер тиесілі уақытында, жыл басында жарияланды. Алайда үміткерлердің құжаты талапқа сай келмегендіктен, сәуір айының басында оны қайта жариялауға тура келді. Ай соңына дейін жеңімпаз анықталып, мамыр айында жұмыстар басталады, – деп хабарлады Атырау әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАР.

Қансорғышпен күресу үшін биыл бөлінген сома өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ – 126 миллион теңге. Еске салсақ, 2017 жылы 52 млн теңге, 2018 жылы 114 млн теңге, 2019 жылы 127 млн теңге бөлінді. 2020 жылы 3 айға 65 млн теңге бөлініп, сол кезде тендерді басқа қатысушылармен салыстырғанда ең үнемді (38 млн теңге) ұсыныс жасаған «AG Dezinfection Services» ЖШС жеңіп алған еді. Екінші жартыжылдықта дезинсекцияға тендер өткізілмей, үнемделген 27 миллион теңгеге масаны улау жұмыстары жүргізілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

21 сәуір 2022, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.