Атырау, 5 мамыр 09:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сенат спикері Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты

1 273 просмотра

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистер сұрағына жауап берген Сенат спикері мемлекеттік қарыздың өсуіне алаңдаушылық білдірді.

"Бұл өте күрделі мәселе. Осы жерде бұрыннан жұмыс істейтін журналистер біледі, былтыр мемлекет қарызы бойынша бұл мәселені көтергенбіз, оның өскенін сынаған едік. Содан кейін үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берді, қазір бюджет аясында, әрине, бұл мемлекеттік қарыз мәселесін тағы да қарастырамыз", - деді Әшімабаев Сенат отырысында.



Бұдан бөлек, журналистер сенаторлар үкіметтен Ұлттық қордан бөлінетін қаржы көлемін азайтуды сұрай ма деген сауал қойды.

"Қазір айту қиын. Оны кеше ғана Мәжілістегі әріптестеріміз қарады, бүгін бюджет жобасын алуымыз керек, оны зерделейміз, мұқият қараймыз, сұрақтар туындаса, әрине, көтереміз, Үкімет өкілдерімен сөйлесеміз. Қандай мәселелер, нақтырақ айтсақ, не туралы сөйлесетініміз туралы пікір айтуға әлі ерте, құжатпен кем дегенде бір апта жұмыс істейік", - деп жауап берді Мәулен Әшімабев.

Оның айтуынша, сенаторлар бюджетке түзетулерді 5 мамырда қарайды.

Бұған дейін Мәжілісте 2022 жылға арналған бюджетке түзетулер бекітілген болатын.

21 сәуір 2022, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.