Атырау, 5 мамыр 01:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Павлодар облысының екі ауданында балық қырылды

944 просмотра

Павлодар облысының Ақтоғай ауданы мен Ақсу қаласы маңындағы су нысандарында балық қырылды, деп хабарлады Sputnik Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына сілтеме жасап.

Инспекция мәліметіне сәйкес, 19 сәуірде арнайы комиссия Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылына жақын маңдағы Ломовая атты өзеніне барған.

Павлодар облысы экология департаментінің мамандары су сынамасын алды.

"Балық қырылған жерді тексеру кезінде комиссия Ильюшка шағын өзенінің бір жерінде мұздатудың болғанын анықтады. Ильюшка шағын өзенінде балықтың қырылуының нақты себебі Павлодар облысының экология департаментінен зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген ақпаратта.

Жергілікті атқарушы органдар қырылған балықты жинап, кәдеге жаратады. Оның көлемі - 25 кг шортан.

21 сәуір 2022, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.