Атырау, 5 мамыр 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

АМӨЗ-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 693 просмотра

Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы департамент облыстық прокуратурамен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша прокуратурасының басшылығымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады", - делінген хабарламада.

Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысы бойынша прокуратурасына жіберілді.

"Өңірлік прокуратурамен ҚР Қылмыстық Кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды", - деп хабарлайды БҚДА.

20 сәуір 2022, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.