Атырау, 25 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады - Үкімет

1 474 рет қаралды

Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады. Қазақстан Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

"Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Темір Триумф" ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын", - делінген Қаулы мәтінінде.

"КСО" АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы.

Сондай-ақ, сыйға тарту шарты бойынша "Integrity Solutions" ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін "Soft Art" ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50 пайызын республикалық меншікке беретіні айтылған.

Қаулыға сәйкес, "Bridge capital investments limited" жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін "Акмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС, "Топаз-НС" ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100 пайызын береді.

"КСО" АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

20 сәуір 2022, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.