Атырау, 25 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қаржы министрлігі базалық ставканы төмендетуді ұсынды

2 058 рет қаралды

Қаржы министрлігі Ұлттық банкке базалық ставканы төмендетуді ұсынды. Бұл туралы бүгін мәжіліс кулуарында вице-премьер - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп, базалық ставканы қайта қарауы тиіс. Базалық ставка - экономикадық барлық ставкаларға әсер етеді. Ол депозит, несие, құнды қағаздар және т.б. бойынша ставкалар.

Бір жағынан, Ұлттық банк инфляция деңгейін сақтап тұру үшін ставканы жоғары деңгейде сақтап тұру керектігін айтады. Ал біз оны қайта қарастыру керек деп есептейміз, себебі қазір теңгенің долларға шаққандағы курсы тұрақталды", - деді Жамаубаев.  

Вице-премьер қазіргі уақытта үкіметтің міндеті экономиканың өсіміне жағдай жасау екенін атап өтті. Ал базалық ставканы бірқалыпқа түсірмей экономиканы несиелеуге қаражат тарту мүмкін емес. 

Айта кетейік, 24 ақпан күні Ұлттық банктің қаржы-несиелік саясат бойынша комитеті базалық ставканы 13,5%-ға көтеру туралы шешім шығарды. 

20 сәуір 2022, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.