Атырау, 5 мамыр 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атыраудағы мемлекеттік сатып алулар: кімге, қанша және не үшін

1 358 просмотра

Біз Атырау мен қала маңындағы біз үшін қызықты тендерлерді бақылауды жалғастырамыз. Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу порталында қандай келісімшарт жасағанын ішінара қарап көрелік.

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАНША ТҰРАДЫ

Бір көзден Атырау қаласы мен ауылдық округтердің көшелерін санитариялық тазалау жұмыстары үшін «Арнаулы автобаза» ЖШС-не 1 млрд 520 млн 481 мың теңге бөлінді.


ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ЖӨНДЕУ

Жылу жүйесін ағымдық жөндеуге ашық конкурста «ЭКО-САФ» ЖШС 79 млн 620 мың теңге ұтып алды. Бұл жеткізуші 2022 жылы жылу беру маусымына апатты жағдайларды жою мақсатында қалалық ТКШ бөлімімен тұрғын үй қорының жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 59 млн 500 мың теңгеге келісімшарт жасаған. Бұған дейін «Industry 2050» ЖШС 2021 жылғы жылу беру маусымына жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 39 млн 499 мың теңге сомаға тендер ұтып алған болатын.


АУЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Атырауда аула аумақтарын абаттандыру қызметін көрсету бойынша 601 млн 361 мың теңгеге көпжылдық келісімшарт жасалған. Келісімшарт мәртебесінде оның күшінде екені көрсетілген, бірақ мерзім 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетілген. Лотты «Бек и Ко» ЖШС ұтып алып, бүгінде бұл соманың 492 млн 231 мың теңгесі төленді. ЖШС-нің заңды мекенжайы аудан орталығы Құрманғазы ауылында орналасқан.

Бұл мердігер көпқабатты үйлердегі қай аулада жұмыс істеп үлгерді? Төменде мекенжайлар мен қызметтердің құны берілген.

«Балықшы» ықшамауданындағы аула аумақтарында 120 млн 463 мың теңге, 16 млн 526 мың теңге және 12 млн 944 мың; Нұрсая ықшамауданы, № 85, 86 және 87 үйлер бойынша 104 млн 668 мыңға, 22 млн 298 мыңға және 27 миллионға; Азаттық даңғылы №71 және Молдағалиев көшесі №5 және 7 үй бойынша – 115 млн 921 мың, 13 млн 786 мың және 9 млн 591 мың; Авангард-3 ықшамауданында (№31 және 32 үйлер) – 46 млн 335 мың, 3 млн 246 мың; Махамбет көшесі №128 және 128а үйлері бойынша – 88 млн 908 мың және 2 млн теңгеге жұмыстар атқарылуы тиіс еді.


ТУЫС-ТУҒАНДАРЫ ЖОҚТАРДЫ ЖЕРЛЕУ

Биыл туыс-туғандары жоқ жандарды жерлеу орындарын күтіп ұстау қызметтерін «Халыққа қызмет көрсету арнайы бюросы» ЖШС ұтып алды. Лот құны 5 млн 300 мың теңге. Осы бюджет қаражатына жеткізуші көмуге дайындықпен бірге орынды анықтау қызметін көрсетеді (учаскені бөлу, тазалау және қоқыс шығару); қолмен жөнге келтіру арқылы механикаландырылған әдіспен қабір қазу; мәйіттерді үлдірге орау; мәйітті тиеу, түсіру, жерлеу; нөмірлік белгісі көрсетілген бейітке металл тақтайшаны дайындау, безендіру, орнату.


БАҒДАРШАМҒА...

Атырауда бағдаршамдар мен жол қозғалысы қауіпсіздігі белгілерін күтіп ұстау және қызмет көрсету жауапкершілігі «СК СтройГарант» ЖШС-не жүктелген. Биыл бұл қызметке бюджеттен 85 млн 120 мың теңге бөлінген. Жеткізушінің міндетіне басқалармен қатар, көмескі жарықты, жазуларды, сәндік элементтерді, жарық-динамикалық қондырғыларды жарықпен қамту және қала алаңдарын торшерлік жарықтандыру кіреді.


...ЖӘНЕ КӨШЕ ЖАРЫҒЫНА КІМ ЖАУАПТЫ

Биыл қала көшелерін жарықтандыруды «АтырауЭнергосату» ЖШС қолға алады. Жеткізуші бір көзден тікелей келісімшарт жасау арқылы 271 млн 14 мың теңгеге лотты ұтып алды.Келісім бір жылға жасалған.


КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ

Атырау қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жарақтау бойынша «СейсмоСтройЗащита» ЖШС инжинирингтік қызметтер көрсетеді. Жеткізуші 317 млн 378 мың теңге ұтып алды. Бұл сомадан бүгінде 30 млн 572 мыңы төленді.

Қаладағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жарақтау жұмыстарына авторлық қадағалауды «Құрылысэкспертпроект» ЖШС жүзеге асырады. Лот құны - 150 млн 990 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу бір көзден тікелей келісімшарт жасау арқылы жүзеге асырылды. Бүгінде бюджет есебінен 892 мың теңге төленді. 2022 жылға арналған сома – 69 млн 166 мың, ал 2023 жылға – 80 млн 824 мың.

Ал Атыраудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңғыртумен «Павлодар өзен порты» АҚ айналысады. Ашық конкурстағы лоттың құны - 18 млрд 538 мың теңге. Келісімшарт 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды, ал 2022 жылға арналған сома 6 млрд 614 млн 738 мың теңге, 2023 жылға - 9 млрд 923 млн 291 мың теңге. Бүгінде 1 млрд 785 млн 714 мың теңге төленді.

Бұдан басқа, «Павлодар өзен порты» АҚ биыл «Сасықсай» булану тоғанын тазарту қызметі бойынша 961 млн 24 мың теңгеге тендер ұтып алды. 2022 жылы 545 млн 601 мың теңге, 2023 жылы 115 млн 422 мың теңге бөлу жоспарлануда. Ал бұл жұмыстар бойынша авторлық қадағалау қызметіне арналған лот «Құрылысэкспертпроект» ЖШС-не (11 млн 959 мың теңге) бұйырды.


ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

Ең ірі келісімшарттар әдеттегіше осы саладағы ең ірі қызмет көрсетуші – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-мен жасалған. 3 млрд 227 млн 840 мың теңгеге ЖШС Әуезов даңғылының бойындағы жол бөлігін қайта жаңғыртуды жалғастыруға міндеттеледі. 2022 жылға арналған сома 1 млрд 266 млн 350 мың теңге. Бұдан басқа, «Атырауынжстрой-АИС» Еркінқала ауылының көлік жолы құрылысына 2 млрд 672 млн 345 мың теңгеге тендерді ұтып алды. 2022 жылға арналған сома 836 млн 63 мың теңге, 2023 жылға – 1 млрд 237 млн 72 мың теңге. Осы мердігермен Геолог ауылының көлік жолы құрылысына (1 млрд 227 млн 156 мың теңге) тағы бір келісімшарт жасалған. 2022 жылға арналған сома 609 млн 699 мың теңге болса, бүгінде бюджеттен 551 млн 301 мың теңге төленді.

Еркінқала ауылындағы авторлық қадағалаумен «ТС-Индустрия» ЖШС (24 млн 595 мың теңге) айналысады.

«Атыраукөлік» ЖШС Зарослый-1 ауылындағы көлік жолы құрылысына 1 млрд 914 млн 790 мың теңге сомада тендер ұтып алды. 2022 жылға арналған сома 754 млн 207 мың теңге, 2023 жылға – 413 млн 437 мың теңге. Сол мердігер 3 млрд 144 млн 214 мың теңгеге Ақсай-2 ықшамауданындағы жолдарды салуға міндеттелді. Оның 2 млрд 625 млн 314 мыңы төленген. Сол «Атыраукөлік» Дамбы-2 ықшамауданында жол құрылысын қолға алған, келісімшарт сомасы – 233 млн 530 мың теңге.

Қаладағы Самал, Нұрсая, Атырау, Лесхоз, Жерұйық, Орталық, Жұмыскер, Балықшы ықшамаудандарында көлік жолын салуға жалпы құны 2 млрд 480 млн 240 мың теңге болатын тендерді «Қазақдорстрой» ЖШС ұтып алды. 2022 жылға бюджеттен 707 млн 45 мың теңге бөлінсе, 2023 жылға 1 млрд 673 млн 195 мың теңге бөлу жоспарланған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 сәуір 2022, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.