Атырау, 4 мамыр 15:02
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Құрманғазыда аудандық аурухананың екі дәрігері сотталып жатыр

1 498 просмотра

Құрманғазы аудандық сотында жергілікті дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Олардың кінәсінен пациент қайтыс болды деп айыпталуда.

Былтыр 1 қаңтарда Құрманғазы аудандық ауруханасында 44 жастағы Бекдидар Көргеналиев көз жұмды. Ол 2020 жылдың 29 желтоқсанында ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оның пневмония екенін айтқан. Кейінірек қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, жаңа жылдық қарбаласпен жүріп, оған ешкім қарамаған. Туыстары оны облыстық ауруханаға жібермек болғанымен, аудандағы дәрігерлер олай етпеуге көндірген.

Екі күннен кейін Көргеналиевтің жағдайы нашарлап, қозғала алмай қалады. Туыстарының айтуынша, оған ешқандай дәрі бермеген. Ал оның емдеуші дәрігері, марқұмның туыстарының айтуынша, кезекшілік еткен түні үйіне Жаңа жылды қарсы алуға кетіп қалған.

Осылайша, дәрігерлердің өздері емес, туыстары шақыртқан санавиация келгенше Көргеналиев ауруханада қайтыс болды.

Оның өлгеннен кейінгі диагнозы - «U07.1 Ауыр деңгейдегі Covid-19 коронавирус инфекциясы. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі».

Туыстары бүкіл құзырлы органдарға арыз жазды. ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-бөлігі Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауынан адам өлiмiне әкеп соғуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергелді және сотқа жолданды. Айып орындығында - аудандық аурухананың анестезиологы мен хирургы.

Айтпақшы, кейінірек бұл аурухананың директоры «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» және «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» баптары бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Фархат АБИЛОВ

20 сәуір 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.