Атырау, 7 қазан 01:28
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау соты Антикор қызметкерінің 21 миллион теңгеге қатысты жемқорлық ісін қарап жатыр

2 320 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі) 30 жастағы офицері Нұрсұлтан МҰЯТОВҚА қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Сот тараптардың жарыссөзіне көшті. 

Н.Мұятов былтыр Атырауда 21 млн теңге пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды. Ұстау операциясын елордадан арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жүзеге асырды. Айыптау жорамалы бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел басқарма қызметкері «Самұрық-Қазына» компаниясының еншілес компанияларының бірінің басшысынан жалған кәсіпкерлік туралы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпауға көмектесемін деп уәде беріп, ірі көлемде ақша талап еткен.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабының  4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекетке оқталу"), 28-бабының 4-бөлігі - 367-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу") бойынша қаралып жатыр.  

Соңғы сот отырыстарының бірінде Мұятовтың жергілікті кәсіпкер, іс бойынша арызданушымен араларында болған әңгімелерінің аудиожазбасы тыңдалды. Олардың бірі моншада болған. Кәсіпкер қылмыстық істі сотқа дейін жеткізбес үшін Мұятовтан істі тергеп жатқан әріптесіне ықпал етуге мүмкіндігі бар-жоғын сұрайды. Мұятов мұндай мүмкіндік бар екенін айтады, «21» деген сан айтылады. Кәсіпкердің сотта берген жауабына сәйкес, бұған дейін Жайық жағасында кездесіп, бастапқыда «50» саны айтылған. Бірақ сотталушы бұл кездесудің болғанын жоққа шығарады.

Мұятов алдын ала тергеу барысында жауап беруден бас тартты, бірақ сотта жауап беруге келісімін берді. Судья Зарема ХАМИДУЛЛИНАНЫҢ "өзіңізді кінәлімін деп мойындайсыз ба?" деген сұрағына Мұятов өз кінәсін мойындамайтынын айтты. Ол мұның осы департаменттің бұрынғы басшыларының біріне қарсы куәлік беруін талап еткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасарларының бірінің тарапынан жасалған арандатушылық екенін мәлімдеді.

Айнұр САПАРОВА

20 сәуір 2022, 05:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.