Атырау, 7 қазан 01:24
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан Ресей мен Қытайға мұнай экспортын арттырады

1 604 просмотра

Қазақстан Ресей мен Қытайға мұнай жеткізу мөлшерін арттырады. Бұл шешім Каспий құбыр консорциумынан алынған мұнайды қайта бөлуге байланысты қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес сәуір айында «Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының Атырау – Самара учаскесі арқылы Қарашығанақ мұнайын экспорттау көлемі 154,7 мың тонна, Қашаған мұнайы – 60 мың тонна көлемінде жоспарланды. «ҚазТрансОйл» АҚ

Компанияның мәліметінше, Қашаған мұнайын Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры арқылы Қытайға экспорттау үшін болжанған тасымалдау көлемі 40 мың тонна.

Еске салсақ, 20 наурызда Қара теңіздегі дауыл Каспий құбыр консорциумының айлақтарының бірін зақымдады.

19 сәуір 2022, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.