Атырау, 25 желтоқсан 03:31
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды?

1 498 рет қаралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар. Былтыр Қазақстанда 665 ардагер болған", - деді министрлік өкілдері. 

Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге үлес қосқан 72 468 азамат бар. Оның ішінде: 

  • қоршаудағы Ленинград тұрғыны - 91;
  • концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны - 205;
  • қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі мен күйеуі - 2 918;
  • ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері - 6;
  • тылда еңбек еткендер - 69 248.

Министрлік мәліметінше, заң бойынша, ардагерлерге әлеуметтік көмекті жергілікті әкімдіктер көрсетеді. 

19 сәуір 2022, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.