Атырау, 26 сәуір 22:42
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Каспий құбыр желісіндегі апаттан Қазақстанға шамамен 150 млрд теңге шығын келді

986 просмотра

Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын 100-150 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейн БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі кезеңде нақты санды ешкім айта алмайды. Өйткені бәрі келген ақаудың қанша уақытта жойылатынына, санкциялар әрі қарай жалғаса ма, соған байланысты. Ал жалпы шығын 100-150 миллиард теңге шегінде бағаланып отыр. Егер ақау тезірек жойылса, шығын да сәйкесінше аз болады. 100-15 млрд теңге шегі дегенде Каспий құбыр консорциумы туралы ғана айтып тұрмын», - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумын қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты сәуір айының соңына дейінгі жөндеу кезеңінде Қазақстанның жоғалған өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (1,3 млн тонна) құрауы мүмкін екені айтылған.

19 сәуір 2022, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.