Атырау, 24 қараша 18:32
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Франция ресейлік газға тәуелді емес – Макрон

1 064 просмотра

Франция президенті Париждің басқа елдерден газ сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті. Макрон Джо Байденмен Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция Ресей Федерациясынан келетін газға тәуелді емес. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп жазады «Известия».

Еуропа Ресей газына тәуелді. Бірақ Францияға бұл қажет емес.Эммануэль Макрон

Макронның айтуынша, Париж басқа елдерден газ сатып алуды қарастыруда.

Франция президенті сондай-ақ сейсенбі күні АҚШ көшбасшысы Джо Байденмен және еуропалық серіктестермен Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

8 сәуірде Макрон Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерді жалғастыруды өзінің міндеті деп атады. Оның айтуынша, Париж арнайы операцияның басынан-ақ Ресей Федерациясына аңғалдық та, кемсітушілік те көрсеткен жоқ.

Сонымен қатар, Франция президенті бұл елдің бейбіт келісімге қол жеткізілген кезде Украина қауіпсіздігінің кепілі болуға дайын екенін айтты.

19 сәуір 2022, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.