Атырау, 25 желтоқсан 11:57
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд теңге төленді

1 322 рет қаралды

Қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен 1 491 шағын және орта бизнес субъектісіне 8,3 миллиард теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шеккен.

Оларға шамамен 38,6 миллиард теңге шығын келді.

"Бүгінгі күні 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгеге төлем алды", - деді Жақсылықов үкімет отырысында.

Үкімет қаңтар оқиғасынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мынадай жедел шаралар қабылдады:

ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;

жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;

салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.

19 сәуір 2022, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.