Атырау, 16 тамыз 20:38
 дождьВ Атырау +28.1
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

20 сәуірден бастап Атырау – Астрахань пойызы жүре бастайды

2 091 рет қаралды

20 сәуірден бастап № 625/626 "Атырау-Астрахань" пойызы жолаушыларды тасымалдай бастайды, деп хабарлайды "Қазақстан Темір Жолы" баспасөз қызметі.

Пойыз күнара жүреді: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.

ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін еске салды. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы шарт. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін (соңғы дозадан кейін 6 айдан аспау керек) растайтын паспорт болса, анықтама қажет емес. Еске салайық, бұл ҚР ведомствоаралық комиссиясының шешімі. Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz.сайтынан білуге болады.

18 сәуір 2022, 23:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.