Атырау, 3 мамыр 20:47
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда Азаттық даңғылының тағы екі учаскесі жаңғыртылады

1 448 просмотра

Атырауда биыл Азаттық даңғылының екі учаскесінде: «Ақ Жайық» қонақүйінен Темірханов көшесіне дейін, сондай-ақ Маслопром ауданындағы қиылыстан Балықшыдағы Құнанабаев көшесіне дейін қайта жөндеу жұмыстары басталады. Жұмыс құны - 3 миллиард 727 миллион теңге.

Еске салсақ, өткен жылы «АтырауИнжСтрой» компаниясы 3 млрд 227 млн теңгеге Маслопромдағы бұрынғы айналма жолдың маңындағы Әуезов даңғылына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген еді. Нәтижесінде Азаттық даңғылы, Әуезов және Қабдолов көшелерінің өткізу қабілеті артты.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек МҰХАМБЕТАЛИЕВТІҢ айтуынша,  екі учаскені қайта жөндеу жұмыстары кезінде оның үстіңгі қабаты түгел алынып, жаңа асфальт төселеді. Сонымен қатар, жобада екі облыстық музей орналасқан аумақта жаяу жүргіншілер жолы, 6 ашық және 2 жабық автобус аялдамасы, қала тұрғындарының демалыс орындарын абаттандыру қарастырылған.

- Жаңғырту жұмыстары басталғанға дейін тұрғындарға көлік қозғалысы бағытындағы өзгеріс туралы хабарланады, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 сәуір 2022, 04:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.