Атырау, 24 қараша 19:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Эстония билігі өз порттарына Ресей кемелерінің тоқтауына тыйым салды

1 341 просмотра

Эстонияның экономика және инфрақұрылым министрлігі ЕО санкциялары аясында 17 сәуірден бастап Ресей кемелеріне елдегі порттарға тоқтауға тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл - алдында Еуропалық Одақ мақұлдаған санкциялық шаралардың бірі. 24 ақпаннан кейін Ресей туын басқаға ауыстырған кемелер үшін де Еуропалық Одақ порттары жабық, деп ресми хабарламадан РИА Новости дәйексөз келтіреді.

Тек апатқа ұшыраған Ресей Федерациясының туы бар кемелер ерекше жағдайларда Эстония порттарына көмек көрсету қажеттігін алдын ала анықтаушы полиция және шекара күзеті департаментінің рұқсатымен кіре алады.

18 сәуір 2022, 04:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.