Атырау, 29 наурыз 12:17
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ауру малдың етін жеуге бола ма?

2 192 просмотра

ӨКҚ-де Атырау облысының үш ауданындағы мал қырылуына қатысты тақырыпқа арналған брифинг өтті.

Исатай, Құрманғазы және Махамбет аудандарында 211 жылқы ауырып, 75 басы шығын болған. Жануарлардан делафондиоз қоздырғышы және параскаридоз анықталған.

- Біз 21 ақпанда облыс орталығында өткен жиналыста аудандардағы мал арасында белгісіз аурудан өлім-жітім болып жатқаны жөнінде айтқанбыз. Дер кезінде қозғау болмады. Бұл брифинг өте кеш өткізіліп жатыр, бұдан бір ай бұрын ұйымдастырылуы керек еді. Жергілікті ветеринарлар кене шаққаннан, болмаса арықтықтан өліп жатыр деген желеу айтты, - деді «Шопан ата» бірлестігінің басшысы Ғазиз ҒАБДУЛЛИН. Бұған облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ:

- Малдың ауырып жатқаны жөнінде жергілікті ветеринарларға хабарлама түспеген. Бізге хабар жеткеннен кейін іс-шаралар қолға алынды,- деп қарсы пікір білдірді.

Бұдан әрі облыс әкімі аса қауіпті ауруға жатпайтындықтан өлген малға өтемақы төленбейтінін, ал жою шараларына бюджеттен қаржы қарастырылғанын жеткізді.

«Ауру малдың етін жеуге бола ма, базарларда тексеріс жүріп жатыр ма?» деген ең маңызды сұрақ ветеринарларға бағытталды. Ішкі құрылыстары жеуге жарамсыз болғандықтан тек етін ғана шұжықтай пайдалану қажеттігі айтылды. Іс жүзінде осы іске асып жатыр ма?!

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 сәуір 2022, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.