Атырау, 19 сәуір 01:40
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жер телімі беріледі, бірақ кезекте тұрғандар көп

2 083 просмотра

Жыл басынан бері қала аумағынан тұрғын үй салу мақсатында қала маңындағы Зарослый, Атырау, Дамбы ауылдық округтерінен 54 жер телімі пайдалануға берілген. Әзірге жер телімі 1999-2006 жылдар аралығында жер кезегіне тұрғандарға беріліп жатыр.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИДЫҢ айтуынша, бүгінде 120 мыңнан астам адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұр, оның ішінде облыс орталығында - 92 640.  

Биыл Индер ауданы бойынша 20, Махамбет ауданында 1808, Жылыой ауданында 11, Исатай ауданында 50, Қызылқоға ауданында 276 жер телімін беру жоспарланып отыр.

Жалпы облыс бойынша 2016 жылы - 826, 2017 жылы - 2455, 2018 жылы – 1177, 2019 жылы - 789, 2020 жылы - 1488, 2021 жылы – 2716 жер телімі табысталған.  

Айнұр САПАРОВА

18 сәуір 2022, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.