Атырау, 29 қыркүйек 04:34
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

ЖКО хроникасы

2 133 просмотра

Құрманғазы ауданында көлік мінген жүргізуші тұрғын үйдің темір қоршауына соғып, оқиға орнынан кетіп қалған.

- ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша («Жүргізушінің өзi қатысушы болған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы») сот оны 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды, - деп хабарлайды Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі.

* * * * *

14 сәуірде кешкі уақытта Атыраудағы Әуезов көшесінде BMW көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған Hyundai көлігіне соқтығысты.

Екпінмен Hyundai алдында келе жатқан Mitsubishi Lancer көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде материалдық шығын келтірілген. Зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізілуде.

* * * * *

Сол күні сағат 19:00 шамасында Берғалиев көшесінде «Нива» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, ГАЗ-322131 көлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде «Нива» жүргізушісі жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 сәуір 2022, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.