Атырау, 24 желтоқсан 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Авангардта шыққан өрттен бір адам ажал құшты

1 875 рет қаралды

Сәуірдің 14-і күні «Авангард-3» ықшамауданындағы 5 қабатты №33 үйде өрт шықты. ТЖД сағат 18:48-де 4-қабаттағы пәтерден жалын шыққанын хабарлады. Пәтер иесі беті мен екі қолын 2-дәрежелі күйік шалып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірақ қаза болған адам да бар.

- Пәтерде үй иесінің 46 жастағы ұлының, ІІ топ мүгедегінің мәйіті табылды. Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.27-де өшірілді. 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖД.

Өрттің шығуына «отты абайсыз қолдану» себеп болған деген болжам айтылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

15 сәуір 2022, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.