Атырау, 24 желтоқсан 15:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«Атырау» ӘКК өзге нысандарға жер телімін берген

2 422 рет қаралды

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті «Атырау» ӘКК» АҚ қызметінен заң бұзушылық белгілерін анықтады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрғын үйлер, монша, көлік жуу орындарын, яғни инвестициялауға жататын үкімет белгілеген басым қызмет түрлерінің тізіміне енбеген нысандарды салу үшін жер телімін бергені анықталды.

Осыған байланысты «Атырау» ӘКК-не ҚР-ның бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды, ол күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы тиіс. Орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тексеру тағайындайды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

14 сәуір 2022, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.