Атырау, 24 желтоқсан 15:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Полицейлер жүксалғыштардан тыйым салынған балықты тәркілеп жатыр

2 437 рет қаралды

Полицияға «Nissan Teana» автокөлігімен қала көшелерінің бірінде бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдап жүргені туралы жедел ақпарат түскен. Ақпарат расталды: полицейлер 26 жастағы жүргізуші мен 30 жастағы екі жолаушыны ұстады, жүксалғыштан 81 келі қызыл балық табылды. ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа, «Бекіре» құқыққорғау акциясы барысында полиция қызметкерлері қала маңындағы Қараөзек ауылы тұрғынының  «Toyota Camry» көлігінің жүк салғышынан 20 келі бекіре тұқымдас балықты, Балықшы ықшамауданында «ВАЗ-2110» көлігінен 15 кг тыйым салынған балықты тәркіледі. Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

14 сәуір 2022, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.