Атырау, 26 маусым 03:59
 ашықВ Атырау +31
$ 470.90
€ 496.94
₽ 8.83

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» басқарма төрағасы болып тағайындалды

668 просмотра

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалдыдеп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс департаменті. 

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған. 1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен. 

2001 - 2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері. 

2004 - 2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС Бас директоры. 

2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры. 2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 

2013-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі. 2014-2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі.  2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2021-2022 жылдары – ҚР Энергетика министрі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. 

14 сәуір, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.