Атырау, 24 қараша 19:12
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 50-күн

1 546 просмотра

Украинадағы соғыс туралы бүкіл ақпарат Азаттық радиосынан алынды.

16:52

Украинада 22 мың мұғалім елден кеткен

Бұл туралы Украина білім министрі Сергей Шкарлет хабарлады. Оның сөзінше, қазір елден кеткен мұғалімдер қолдарынан келгенше оқу процесін жалғастыруға тырысып жатыр. Кейбірі онлайн оқу өткізуге, кейбірі өздері барған елдердегі босқын балаларға сабақ беруге тырысып жатыр.

"Украиналық оқушылар бағдарламадан қалмас үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз" деді министр.


15:43

Австрия канцлері Карл Нехаммер Путинмен кездесуі жайлы тағы айтты:

  • Путин Ресей келісім-шартта қарастырылған газды жеткізуге уәде берді. Төлемді еуромен жасауға болады. (Бұған дейін Кремль мұнай-газ төлемін рубльде төлеу туралы шешім шығарған еді)
  • Путин санкциялар Ресейге зияны тиетінін және соғыс көп адамға кесірі болатынын түсінеді. Бірақ оның әскери логикасында басқа альтернатива жоқ.
  • Путин соғыстың Ресейге де көп қиындық әкелетінін жақсы түсінеді.

Путин мен Нехаммер 11 сәуірде Мәскеуде кездесу өткізген еді. Австрия канцлері "кездесудің өте ауыр болғанын" айтқан.

14:33

Украина: "ДХР" мен "ЛХР" аймағында адамдарды күштеп әскерге алып жатыр

Украинаның шығысындағы жікшіл "ДХР" мен "ЛХР" аймағында адамдарды күштеп әскерге алып жатыр. "ДХР" аймағында 60-70 мың адамды әскерге алу мақсаты қойылған, бірақ қазір бұл мақсаттың тек 20 пайызы орындалған.

14:13

Канада премьер-министрі де "геноцид" сөзін қолданды

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Украинадағы болып жатқан оқиғаларды "геноцид" деп атауға болады дейді. Бұл жөнінде AFP агенттігі хабарлады. Ол Ресейдің Украинадағы әрекетін геноцид деп атаған АҚШ президенті Джо Байденнің пікіріне ұқсас ой айтқан.

"Көп адам Ресейдің, Владимир Путиннің әрекеттерін "геноцид" деп атап жатыр. Бұл дұрыс. Біз оны бейбіт тұрғындарға шабуылдан, жыныстық күш көрсетуді соғыс құралы ретінде пайдалану ниетінен көріп отырмыз. Оған жол беруге болмайды" деді.

13:53

Украинаның төрт облысында атыс жалғасып жатыр

Қазір Украинаның Донецк, Луганск және Херсон облыстарында кескілескен шайқас болып жатыр. Ал Харьков облысына да оқтын-оқтын шабуыл жасалып жатқаны да айтылды.

"Украинская правда" басылымы облыс әкімшіліктерінің басшыларына сілтеме жасап хабарлады.

"Мариупольде жағдай өзгеріссіз, қала блокадада, артиллерия және әуеден шабуылға ұшырап жатыр. Ресей қаладан адамдарды жібермей отыр" деп жазды басылым.

13:26

Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" ракеталық крейсері өртенгенін мәлімдеді

Министрлік "Қара теңізде "Мәскеу" ракеталық крейсеріндегі өрттен қару-жарақ қоры жарылып, кеме қатты зақымданды" деп мәлімдеді.

Ведомоства экипаж толық эвакуацияланған хабарлады. Зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.

Ал Украина билігі украиналық кемелерге қарсы "Нептун" ракетасы "Москва" крейсеріне шабуыл жасағанын, кеме қатты зақымданғанын айтады.

"Москва" Ресей теңіз флотының Қара теңіздегі флагманы және Қара теңіз флотындағы мықты крейсері саналады.

14 сәуір 2022, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.