Атырау, 7 қазан 03:43
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

1 117 просмотра

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

 Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған. 

2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған. 

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. 

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

14 сәуір 2022, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.