Атырау, 25 сәуір 15:30
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Альфа-Банктегі» ахуал туралы мәлімдеме

1 770 просмотра

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АҚШ 6 мамырда "Альфа-Банкке" қарсы санкция салатынын хабарлады.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) Альфа-Банкті SDN тізіміне қосу туралы № 23 Бас лицензиясына сәйкес, санкцияларды енгізудің тікелей күні 2022 жылғы 6 мамыр болып табылады.

Ағымдағы жылғы 6 мамырға дейін көрсетілген кезең OFAC лицензиясында контрагенттермен салынған санкцияларға байланысты тікелей шектелетін операциялар мен мәмілелерді аяқтау жұмысын жүргізуге банктің уақыты болуы үшін арнайы көзделген. Мұндай операцияларға шетел валютасындағы есеп айырысулар, халықаралық төлем жүйелері арқылы аударымдар, американдық банктердің корреспонденттік шоттарын пайдалану және басқалары жатады.

Барлық қазақстандық банктердің санкцияларды енгізудің тиімді күніне дейін жұмыс істеу және банктің қазақстандық клиенттерінің пайдасына аударымдар жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

6 мамырға дейінгі кезеңде және санкцияларды енгізудің тиімді күнінен кейін «Альфа-Банк Қазақстан» клиенттеріне теңгемен және рубльмен операциялар қолжетімді болады: банкоматтарда қолма-қол ақша алу, теңгемен ақша аудару, коммуналдық қызметтерді, мобильдік байланысты төлеу және қызметтер үшін басқа да төлемдер.

«Альфа-Банк Қазақстан» жеткілікті капитал қоры бар төлем жасауға қабілетті банк болып табылады. Қазіргі уақытта Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелері 445 млрд теңгені құрайды, олар 480 млрд теңге сомасындағы жоғары сапалы несие портфелінің,  134 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капитал және негізгі банк ашқан кредиттік желі есебінен өтеледі.

Қазіргі уақытта Банк клиенттік төлемдер мен аударымдарды орындау бойынша бір сәттік өтінімдерге, сондай-ақ клиенттердің қаражатын алуға байланысты өтімділік тапшылығына тап болды.

2022 жылғы 7 сәуірден бастап «Альфа-Банк Қазақстан»  шамамен 100 млрд теңге сомаға клиенттік төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырды. Қаражаттың айтарлықтай әкетілуіне байланысты Банк ұлттық валютадағы клиенттік төлемдер мен аударымдар сомаларына уақытша шектеулер енгізді.

Банк клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша ахуалды тұрақтандыру жұмысын жүргізуде.

Қосымша теңгемен өтімділік тарту үшін Банк Қазақстандағы басқа екінші деңгейдегі банктерге несие портфелінің бөлігін сату бойынша шаралар қабылдады. Бұдан басқа, акционерді толық ауыстыру қарастырылуда, ол «Альфа-Банк Қазақстан» банкін санкциялық тізімнен шығаруға әкеледі.

Осылайша, өтімділікті жинақтауға қабілетті банктің жоғары сапалы несие портфелі және реттеушілік талаптардан асатын жеткілікті капитал салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдауды және беруді қоса алғанда, Альфа-Банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша таяу уақытта Банк клиенттерінің төлемдері мен аударымдарын орындау жағдайы тұрақтандырылып, клиенттер үшін уақытша шектеулер алып тасталатын болады.

«Альфа-Банк Қазақстан» сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде жеке тұлғалар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді.

Өз тарапынан, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктегі ахуалға күнделікті бақылауды жүзеге асырады және банк орнықтылығын қолдау және оның салымшыларының мүдделерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдайды.

14 сәуір 2022, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.