Атырау, 23 сәуір 12:02
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Атырау облысы Су арнасы» тұтынушыларға 408 миллион теңгені қайтарады

2 165 просмотра

Коммуналдық кәсіпорынға айыппұл салынып, Атырау қаласы мен Мақат ауданының тұрғындары үшін өтемдік тарифін енгізуге міндеттеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаменті (ТМРКД) басшысының м. Наталья ДҮЙСЕМАЛИЕВАНЫҢ ақпараты бойынша, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тарифтік сметаның шығын баптарының ведомство бекіткен мөлшерден 5%-дан астам орындалмауына, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру секілді реттелетін қызметтер үшін амортизациялық аударымдардың мақсатсыз пайдаланылуына жол берген. Атап айтқанда – магистралды құбыр және тарату желілері арқылы жеткізу, сондай-ақ Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы сарқынды суларды бұру және тазарту жұмыстарына. «Табиғи монополиялар туралы» Заңның осылайша бұзылуы коммуналдық кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2020-2021 жылдарға арналған бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін талдау барысында анықталды.

Нәтижесінде, ТМРКД «Атырау облысы Су арнасы» үшін уақытша өтемдік тарифін келесі мөлшерде бекітті:

- «магистралды құбыр және тарату желілері арқылы жеткізу» қызметі:

орташа сату тарифі – 102,23 теңге/м3;

тұрғындар үшін – 64,53 теңге/м3;

басқа тұтынушылар үшін – 213,72 теңге/м3.

Бұдан бұрын орташа сату тарифі 123,98 теңге/м3 құрады, оның ішінде тұрғындар үшін – 78,26 теңге/м3 (тариф 17,55%-ға төмендеді); басқа тұтынушылар үшін – 259,19 теңге/м3 (17,54%-ға төмендеді).

«Cарқынды суларды бұру және тазарту» қызметі:

орташа сату тарифі – 71,16 теңге/м3;

тұрғындар үшін – 27,33 теңге/м3;

басқа тұтынушылар үшін – 137,87 теңге/м3.

Бұдан бұрын ҚҚС-сыз 73,18 теңге/м3 орташа сату тарифі қолданыста болды, оның ішінде тұрғындар үшін – 28,1 теңге/м3; басқа тұтынушылар үшін – 141,77 теңге/м3; барлық санаттар үшін тариф 2,75%-ға төмендетілді (барлық сома ҚҚС-сыз көрсетілген).

Екі қызмет бойынша да тұтынушыларға жалпы қайтарым сомасы (ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін есепке алғанда) 408 млн теңгені құрайды.

Өтемдік тариф осы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді және 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

Бұдан басқа, «Атырау облысы Су арнасы» КМК ҚР ӘҚБтК-нің «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорын мардымсыз мөлшердегі айыппұлдарды төлеп тастады.

Бұл жарияланымда сома мөлшерінің жаңсақ көрсетілуіне редакция кінәлі емес. Бастапқыда ТМРКД баспасөз хабарламасында Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ескерілмеген, сондықтан жалпы қайтарым сомасы бұрын көрсетілгендей 359 миллион емес, 408 миллион теңгені құрайды. 

Лев ГУЗИКОВ

13 сәуір 2022, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.