Атырау, 19 сәуір 10:44
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

1 610 просмотра

Атырауда тоңазытқыштың есігімен тұншықтырып, өліп қала жаздаған Лаки қазір Калифорнияда тұрады. Оның Instagram-дағы парақшасын сегіз мыңнан астам қолданушы бақылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иттің парақшасын бақылайтын қазақстандықтар «Бүкіл Қазақстан Лакидің орнында болғысы келеді» деп жиі әзілдейді. Сонымен қатар қазақстандықтар итке осылай жағдай жасағаны үшін оның қазіргі иелеріне алғысын білдіреді.

Желі қолданушыларының пікірлері:

Ол менен жақсы тамақтанады әрі менен бақыттырақ

Қандай бақытты ит?!

Ол өте бақытты. Әсіресе басынан өткен оқиғадан кейін. Мен Лакидің туған жері Атырауда тұрамын. Өкінішке қарай, біздің қалада жануарларды ұнатпайтын адам көп.

Адамдар үшін де, жануарлар үшін де бәрі үйлесімді түрде ұйымдастырылған!

Әй, оған қызғанышпен қараймын, тіпті менің өмірім соншалықты жарқын емес.

Ол Қазақстанда басынан өткерген барлық оқиғадан кейін де адамдарға деген сүйіспеншілігі мен сенімін жоғалтпапты.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың мамырында әлеуметтік желіде ер адамның итті тоңазытқыштың есігіне тұншықтырып жатқан видеосы пайда болды. Полиция оның ұсталғанын хабарлады. «Жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірақ көп ұзамай іс жабылды. Ал иттің сол кездегі иесі атыраулық азамат кешірім сұрап, мас болғанын айтты.

Ал желтоқсан айында ит жаңа иелерін тауып, АҚШ-қа ұшып кетті. Содан бері Лакидің жеке парақшасы бар. Оны қазақстандықтар үнемі бақылап, өміріне қызығып отырады.

13 сәуір 2022, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.