Атырау, 27 сәуір 04:17
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Сбербанк мәлімдеме жасады

1 138 просмотра

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және "СберБанк" АҚ ЕБ АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control бас лицензия шығарғанын мәлімдейді, деп хабарлайды Sputnik. 

Оған сәйкес банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады.

"Бұл көрсетілген кезең ішінде банктің штаттық режимде жұмыс істей беретінін білдіреді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар, т.б.) кез келген сомада және қандай да бір шектеулерсіз қолжетімді болады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін OFAC-тың ресейлік "СберБанк" ЖАҚ және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдеген болатын.

Көрсетілген қаржы ұйымы және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс.

"Тұтастай алғанда, Қазақстан СберБанкі қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр және салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы орындауда. Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен 1,6 трлн теңге сомадағы жоғары сапалы несие портфелі бар. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар", - делінген хабарламада.

Осылайша, банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымның қосымша қолдауымен бірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді", - деп қосты агенттіктегілер.

Өз тарапынан, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүргізетінін мәлімдеді.

13 сәуір 2022, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.