Атырау, 16 сәуір 22:30
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Жол да жоқ, жарық та жоқ

Сурет Бейнежазба
2 097 просмотра

Индербор кентіндегі Шығыс ықшамауданындағы тұрғындар өздерін мазалаған коммуналдық мәселелермен бөлісу үшін «АЖ» тілшісімен кездесуге жиналды. Олардың ең бастысы - жол мен жарық мәселесі.

- Бұдан екі жыл бұрын ықшамауданда жол жасау жұмысы жүрді де, біздің көшеге келгенде тоқтап қалды, - дейді тұрғындар. Екі көшедегі 70-шақты тұрғынның көрмеген қорлығы жоқ, - дейді наразылық танытушылар.

- Бұл жерде Есімхан көшесінің тұрғындары жиналып тұр. Ең бастысы - жол проблемасы. Бүгінде көктем шығып, жер кеуіп кеткен кезде келіп тұрсыздар. Жаңбыр жауған күндері үйімізге жете алмаймыз, балалар балшықта құлап жатады. Такси біздің жаққа келмейді, асфальт төселген жерге дейін жеткізеді. «Жедел жәрдем» көлігі де біздің көшеге кіре алмайды, амал жоқ науқастанған адам өздігінен жүре алмаса, арқалап жеткіземіз, - деп ашуланды тұрғын Самиғолла ПЫШТЫБАЕВ.

- Оның үстіне күн бата біздің ықшамаудан тас қараңғы күйде болады. Соқалары тұр, бірақ көше жарығы мүлдем жоқ. Алғаш 2008 жылы осы жерге келіп баспана тұрғызғанмын, одан кейін көбейіп, үлкен ықшамауданға айналдық. Бірақ бірнеше жыл өтсе де, пролемалар сол күйінде қалды, - дейді Нұртаң ЕСҚАЛИЕВ.

Көп кешікпей, жиналған тұрғындармен тілдесуге Индер аудан әкімінің орынбасары Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ келіп, мән-жайды түсіндірмек болды. Оның айтуынша Шығыс ықшамауданында 13 көше бар. Оның бесеуіне асфальт төселіп, қалғаны кейінге қалған.

- Бұл мөлтек ауданға 7,5 км асфальт төселуі тиіс, соның тек 2,2 км жүзеге асты. Бұл жерде кедергіге тап болдық. Бір мекеме демеушілікпен жолдың сметалық құжаттамасын жасап жатқан, кейін мүмкіндігіміз жоқ деп бас тартты. Қазір бұл жұмыстар бюджет қаржысымен іске асырылуда. Болашақ ықшамауданында мүлдем асфальт жоқ. Бәрінің сметалық құжаттамасы жасалуда, - дейді Б.Иманғазиев. - Жоба жасалып, қорғалғаннан кейін қаржы сұратамыз. Оған уақыт керек. Сондықтан биыл жол болмайды, үміттендіріп қайтеміз. Аудандағы газшылар мен «ИсиГипсИндер» ЖШС-нің демеушілік көмегімен тығырықтан шығу үшін уақытша болса да ойылған жолдарға шебен төгіп, төсеп беруді көздеп отырмыз. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

13 сәуір 2022, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.