Атырау, 25 желтоқсан 10:34
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

1 947 рет қаралды

Қазақстан Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз", - дейді Қорғаныс министрлігінен. 

Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.

Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

13 сәуір 2022, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.