Атырау, 24 желтоқсан 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда 10 миллиард теңге болатын заң бұзушылық анықталды

1 853 рет қаралды

Былтыр желтоқсан айында Атырау облысында республикалық бюджеттен өңірге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Құрылыс және денсаулық сақтау саласы тексерілді. Жалпы сомасы 10 млрд 35 млн 9 мың теңгеге қаржылық заң бұзушылық анықталды. 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімдігіне анықталған сомаларды қалпына келтіру және өтеу шарасын алу тапсырылған. Бүгінде 8 миллиард 618 миллион 5 мың теңгесі қалпына келтіріліп, 7 миллион 1 мың теңгесі өтелген. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

13 сәуір 2022, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.