Атырау, 29 қараша 03:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жылу есептеу мәcелесі-2: антимонополистер «ақпарат жинайды»

1 641 просмотра

Монополияға қарсы ведомство заңнамаға жылу тұтынушыларына осы қызмет үшін жеке есептеу құралдары арқылы төлеуге мүмкіндік беретін түзету әзірлеп жатыр.

Еске салсақ, пәтерлеріне жеке жылу есептеу құралдарын (ЖЕҚ) орнатқан Атырау қаласының бір топ тұрғыны «АЖ»-ға хабарласқан болатын. Алайда қолданыстағы заңнамада ЖЕҚ иелері үшін тарифті саралау қарастырылмағандықтан оны көрсеткіш бойынша төлеу мүмкін еместігі белгілі болды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің «АЖ» сауалына берген жауабына сүйенсек, «қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзету енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптары ескеріле отырып, жақын елдердің шетелдік тәжірибесі мұқият зерделенеді. Соған сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстау шығындарына қатысуға міндетті.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша әзірленген тиісті норма Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру комитетінің жұмыс тобының талқылауына шығарылады».

ТМРК жылу энергетикасы саласын реттеу басқармасының басшысы Рустам ҚҰНАНБАЕВ Комитеттің осы жылдың қаңтарынан бастап бұл мәселемен айналыса бастағанын ауызша түсіндірді:

- Қазіргі уақытта біз ЖЕҚ, үйге ортақ жылу есептегіштері және жалпы үй қажеттілігі үшін есептеуді қамтитын нақты норманы анықтауға бағытталған ақпарат жинап жатырмыз. Барлық тәуекелді де ескеру керек. Сондықтан бұл норма нақты қашан әзірленетінін әзірге айту қиын.

Осымен қатар, бұрын хабарланғандай, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті Атырау ЖЭО мен жылу жүйелерін сотқа беріп, ЖЕҚ иелерінің мүддесін ескеруді талап еткен болатын. Атап айтқанда, әзірге заңнамаға өзгерту енгізілгенше, мұндай тұтынушыларға орташа тариф бойынша, яғни қандай да бір санатқа бекітпей, есептеуді талап еткен еді.

– Біздің талап арызымыз бойынша экономикалық соттың алдын ала отырысы 26 сәуірге белгіленді, – деді департамент басшысы Әлем УӘЛИЕВ.

Лев ГУЗИКОВ

13 сәуір 2022, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.