Атырау, 29 наурыз 07:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Орталықтағы ескі үй

Сурет Бейнежазба
2 633 просмотра

Атырау қаласы Сәтпаев көшесі, 4 А мекен-жайындағы жатақхананың тұрғындары қала басшыларынан үйлерін апатты деп тануды сұрайды. 1980 жылы салынған жатақхана орталықта орналасқанымен пәтерлерде газ жоқ, кәріз суы жертөлеге жиналып жатыр - басқа да мәселелер жетіп артылады. Тұрғындардың сұрауы бойынша «АЖ» тілшісі жағдаймен танысып қайтты.

- Жаңбыр жауса, шатырдан аққан су бесінші қабаттан өтіп, төртінші қатардағы үйлерден де тамшылайды. Көп пәтердің төбесі сарғайып, ылғалдан жары көгеріп кеткен, - дейді тұрғын Айгүл КАМИЕВА.

- Бұл үйде көбіне зейнеткерлер мен мүгедектер тұрады. Мен де зейнеткермін, мұнда 16 жастағы немереммен бірге тұрамын. Біздің басқа баратын үйіміз жоқ. Жыл сайын 50 мың теңгеден жинап, өз күшімізбен төбені жөндейміз, бірақ пайда жоқ. Жатақханада жаңбырлы күндері жарық та жиі сөнеді. Дәлізде электр сымдары салбырап тұр. Электр сымдары қырық жамаумен тұрғандықтан, балалар үшін қорқамыз. Ешбір ПИК бізді қарауына алғысы келмейді. Біздің үйді баяғыда-ақ апатты деп тану керек еді, - дейді Любовь КРАСНИКОВА

Тұрғындардың айтуынша, кезінде Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев келіп, өздерің ақша жинап, тәуелсіз сарапшы тауып, үйді апатты жағдайда деген акт алуларың керек. Содан кейін әкімдік тексеріп, қорытынды шығарады деп кеңес берген.

- Біздер тәуелсіз сарапшыны Ақтөбеден таптық. Бірақ олар қызметіне 3 млн теңге сұрады. Бізде ондай ақша қайдан?! Кейде тіпті құбыр жарылғанда үш мың теңгені табудың өзі қиын. Мысалы мен жұмыссызбын, ұлым ІІ топ мүгедегі, біздің үйде тек қызым ғана жұмыс істейді, - дейді Айнагүл ДЖУМАТОВА.

Ал, екі жыл бұрын сол кездегі қала әкімі Қайрат Оразбаев та келді - одан кейін жертөлеге жиналған кәріз суын сорғызып, дәлізді ақтап берген. Қазір оған да екі жыл өтті. Жертөле қайтадан кәріз суына толып, ақтаған жар ылғалдан қабыршақтанып түсіп жатыр.

Тұрғындардың өтініші бойынша бұл жатақхана сүріле ме немесе жақын арада ондай жоспар болмаса, тұрғындарына қандай көмек көрсетілетінін білу үшін «АЖ» қала әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

13 сәуір 2022, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.