Атырау, 2 мамыр 22:49
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Тамара қалай демалды?": Дүйсенованың еңбек министрі қызметіне қайта оралуы туралы

1 552 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта оралуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсенованы "демалысқа" жіберген еді.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Дүйсеноваға бірнеше сұрақ қойды.

"Халықты бір сұрақ мазалайды: Тамара қалай демалды?", - деп сұрады БАҚ өкілдері.

"Мен үнемі жұмыс істедім. Маған бір ай беруді сұраймын, содан кейін сіздерге шығып, қызықтырған барлық сұраққа жауап беруге дайынмын", - деді Тамара Дүйсенова журналистерге.

Айта кетсек, 11 сәуірде Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2018 жылдың ақпанында Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде еңбек министрлігін басқарған Тамара Дүйсенованы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді кейінге қалдырғаны үшін сынға алды.

Елбасы Дүйсеноваға: "Тамара, айтшы, сен бұл жұмыстан шаршадың ба?" деген еді.

12 сәуір 2022, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.