Атырау, 3 мамыр 01:37
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Көп балалы ана сот арқылы тұрғын үй кезегіне қайта тұрды

1 494 просмотра

Атырауда сот ТКШ органдарын көп балалы ананың жеңілдікпен баспана алу кезегін қалпына келтіруге міндеттеді. Іс облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, мемлекеттік органдардың әрекеті заңсыз деп танылды.

Көп балалы ана Атырау қаласының әкімін, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, облыстық энергетика және ТКШ басқармасын сотқа берді. 2021 жылы талапкер өз атына тіркелген тұрғын үйдің болуына байланысты 2016 жылдан бері тұрған кезектен шығарылған.

Сот оған анасы сыйға берген үйдің тіркелгенін анықтады. Сондай-ақ, тұрғын үйдің апатты жағдайда екені, құрылыс және санитариялық нормаға сай келмейтіні, тұруға жарамсыз екені тиісті сараптамалармен расталған.

«Осылайша, сыйға тарту етілген тұрғын үй тұрғынжай ұғымын айқындайтын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 1-бабының 28-тармағының талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда жауапкердің талапкерге тұрғын үй қажет емес деген уәжі дұрыс емес.

Бұдан басқа, көп балалы ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған, Заңның 73-бабының 3-тармағына сәйкес, Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және есепте тұрған осы алқамен марапатталған көп балалы аналар тіркеуден шығаруға жатпайды», - делінген сот шешімінде.

Жауапкер апелляциялық шағым түсірді, бірақ апелляциялық инстанция бір тармақтан басқа бастапқы шешімді өзгеріссіз қалдырды: қала әкімі тұрғын үй кезегіне жетекшілік етпейтіндіктен, ол жауапкерлер тізімінен шығарылды.

Екі инстанцияның сот актілері заңды күшіне енді, - деп хабарланды соттың сайтында.

Айнұр САПАРОВА

12 сәуір 2022, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.