Украина президенті Владимир Зеленский борышын өтеген әскери қызметшілерді де демобилизациялауды кейінге қалдырды. 24 ақпанда Украинаның бүкіл аумағында әскери жағдай енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбіде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыруды болдырмау туралы құжатқа қол қойды, деп жазды ТАСС.
Құжат 2021 жылғы 29 желтоқсандағы «Әскери қызметшілерді мерзімді әскери қызметке ауыстыру, Украина азаматтарын 2022 жылғы әскери қызметке кезекті шақырулар мен кезекті шақырулар мерзімдері туралы» жарлыққа өзгерістер енгізуді көздейді.
Одан сәуір-маусым айларында кезекті шақыру мерзімін белгілейтін бқлімдер алынып тасталды.
Сондай-ақ жарлық арқылы бұрын әскери қызметке шақырылғандарды демобилизациялау кейінге қалдырылған. Оларды запасқа ауыстыру «белгіленген тәртіпте демобилизациялау туралы хабарландырудан кейін» болады.
24 ақпанда Украинаның барлық аумағында әскери жағдай енгізілді. 15 наурызда Рада оның әрекет ету мерзімін 26 наурыздан тағы 30 күнге ұзартты.