Атырау, 24 қараша 20:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Франция тыңшылық жасады деген күдікпен 6 ресейлік дипломатты елден шығарды

1 139 просмотра

Франция тыңшылық жасады деген күдікпен алты ресейлік дипломатты елден шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Францияның Сыртқы істер министрлігі ішкі барлау агенттіктері жүргізген тергеу нәтижесінде Францияның ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етті деген қорытындыға келген алты ресейлік дипломатты тыңшы деп жариялады.

"Ұзақ уақытқа созылған тергеу нәтижесінде Ішкі қауіпсіздік бас дирекциясы (DGSI) ресейлік барлау қызметтерінің біздің аумақта жүргізген жасырын операциясын әшкереледі", - делінген хабарламада.

"Ресей тиісті түрде жауап береді", - деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Еске салайық, осы айдың басында Франция Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде 35 ресейлік дипломатты елден шығарған болатын.

12 сәуір 2022, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.