Атырау, 27 желтоқсан 01:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

1 756 просмотра

Қазақстанда 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспорты квоталанады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін және ұн тартатын кәсіпорындарға жүктемені азайту мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортын квоталау шешімін қабылдады. Бидай квотасының көлемі – 1 млн тонна, ұн – 300 мың тонна (...) Осылайша, ұн экспортын шектеу жұмыстарын квоталау арқылы енгізіп жатырмыз. 2,5 млн тоннаның бәрі экспортқа кетіп қалмау үшін бір ғана миллион тоннаға квота енгіздік», - деді А. Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау үшін Министрлік ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде бидайдың бар-жоғын түгендеу жұмыстарын бастады. 

«Осылайша Үкімет ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру шараларын бастады», - деді Айдарбек Сапаров. 

Бұған дейін Астық өңдеушілер одағы елімізде бір жарым аптаға ғана жетерлік бидай қоры қалғанын мәлімдеген еді. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай дау туғаны, бидай таусылса барлық диірмендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені айтылған. Өз кезегінде Айдарбек Сапаров елде ешқандай астық тапшылығы жоқ екенін хабарлады. 

1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық болған.

11 сәуір 2022, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.