Атырау, 2 мамыр 20:38
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Жоғалған жолаушылар табылды»

Сурет
1 654 просмотра

8 сәуірде кешке бес адамнан тұратын отбасы «Нива» көлігімен Қызылқоға ауданына қарай жолға шығып, жоғалып кеткен. Олар келесі күні даладан табылды, көлік балшыққа батып қалған, деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

«2022 жылғы 9 сәуірде сағат 5.40-тан бастап Қызылқоға ауданында 5 адамды, сонымен қатар арасында 2017 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді, олар 8 сәуірде сағат 17.00-де Мақат ауданының Мақат кентінен Қызылқоға ауданына «Нива» автокөлігімен кетіп, қайтып оралмады.


9 сәуір күні сағат 10.05-те Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен жоғалып кеткендер аудан орталығынан 185 шақырым жерде Жаңақұдық учаскесінен табылды. Көліктері балшықта қалып қойған адамдарды Қызылқоға ауданы Миялы поселкесіне жеткізді. Медициналық көмек керек болмады. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері іздестіруге шықты», - деп хабарлайды ТЖД. 

11 сәуір 2022, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.