Атырау, 24 желтоқсан 14:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда бірнеше күн ыстық су болмайды

1 902 рет қаралды

19-21 сәуір аралығында тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды «Атырау жылу жүйелері» АҚ баспасөз қызметі.

«2022 жылдың 19 сәуірі мен 21 сәуірі аралығында гидравликалық төзімділігі мен тығыздығына қатысты магистралды және таратушы жылу жүйелері сынақтан өткізіледі. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады.

Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін сынақ мерзімінде жылу магистралының құбырларына 10 метр қашықтыққа дейін жақындамауды, ал құбырларда су ағып, жарылған жағдайда төмендегі телефондарға дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ.

Байланыс телефондары: 8-7122-994307, 994398, 322258.

11 сәуір 2022, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.