Атырау, 27 ақпан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Air Astana Атырау-Ыстамбұл әуе қатынасын қайта іске қосады

1 856 рет қаралды

Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады.

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атырау – Ыстанбұл бағыты бойынша әуе қатынасын 26 сәуірден бастап қайта іске қосады.

Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады.

Атыраудан ұшу уақыты 08.10-да, Ыстанбұлға қону уақыты - 10.20-да.

Ыстанбұлдан ұшу уақыты 11.20-да, Атырауға қону уақыты 17.05-те.

Бағыттарда ұшу және қонудың жергілікті уақыты көрсетілген.

Билеттің эконом-кластағы ең төменгі бағасы - 165 177 мың теңге. Бизнес-кластағы баға - 580 389. Бұл бару және қайту бағасының құны екенін атап өткен жөн.

11 сәуір 2022, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.